Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп тарихы

Автор: admin от 19-11-2018, 12:12, посмотрело: 587

0 http://vk.com/m.baizakov_tulekteri?z=photo-76042260_337526339%2Falbum-76042260_0%2Frev

Категория: мектеп тарихы

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 19-11-2018, 12:12, посмотрело: 784

0 1940 жылы Мырзашөл аймағындағы тың жерлерді игеру үшін тыңгерлер келіп қоныстанып, колхоздар құрылды. Қазіргі Жетісай агрофирмасының №4 бөлімше аумағында «Ленин жол», «Жамбыл», «Жаңа дала» колхоздары құрылды. Осы колхоздар 1952 жылы бірігіп, іріленген «Жамбыл» колхозы құрылды. Ауылымызда тұңғыш «Ленин жол» мектебі 1940 жылы ашылды. Міне, 72 жылдан бері мектептен мыңдаған шәкірт білім алып, халық шаруашылығының сан түрлі саласында еңбек етуде. 72 жыл ішінде мектепті өз кезегімен 15 директор басқарды. Алғашқы директоры Темірбеков Нұрбосын 1948 жылға дейін жұмыс істеді. «Ленин жол» мектебі 4 жылдық болды. Сол жылдары жұмыс істеген ұстаздар Алменова Ханымпатша, Керімбеков Бейсенбек, Жұмагүл. 1945 жылдың көктем айында мектепке Байжанов, Әлтаев Кеңес, Қалтаева Күланда, Жанулиева Зейнеп.
1949 жылы «Ленин жол» мектебінің атауы өзгеріп, «Жамбыл» мектебі болып өзгертілді. Жұмабаев Ақайдар «Жамбыл» мектебінің директоры болып тағайындалды. 1950 жылы «Жамбыл» мектебі 7 жылдық болды.
1950 жылы мектепте жұмыс істеген ұстаздар Дүйсенбеков Мақан, Жалғасбаев Қоныс, Оразбаев Құлмахан, Бердиев Мықтыбай ағайларымыз жұмыс атқарды.
1954 -1958 жылдар аралығында Сүлейменов Сатан мырза «Жамбыл» мектебінің директоры қызметін атқарды.
1958 -1961 жылдары Құмарбеков Асқар мырза директорлық қызметін атқарды.
1962-1967 жылдарға дейін Керімбеков Бейсенбек мырза «Жамбыл» мектебіне директорлық қызметін атқарды.
1968-1971 жылдарға дейін Дүйсенбеков Қалдыбай мырза «Жамбыл» мектебіне директорлық қызметін атқарды.
1976-1980 жылдарға дейін Құлжанов Шералы мырза «Жамбыл» мектебіне директорлық қызметін атқарды.
1980-1990 жылдарға дейін Әуезов Анарбай мырза «Жамбыл» мектебіне директорлық қызметін атқарды.
1990-1993 жылдарға дейін Дүйсенбеков Сейсенбек мырза «Жамбыл» мектебіне директорлық қызметін атқарды.
1994 жылдың 1-қарашасынан аудандық оқу бөлімінің бұйрығымен орталау мектептен орта мектепке ауыстырылып, «Жамбыл» мектебінің атауы Мұсабек Байзақов атындағы орта мектебі етіп, өзгертілді. Орта мектебіміз белгілі айтыскер ақын Қаратаудың жыр дүлділі Мұсабек Байзақовтың атымен аталды.
1994-2000 жылдарға дейін Төреқұлов Анарбек мырза №67 М. Байзақов атындағы орта мектебіне директорлық қызметін атқарды.
2001-2008 жылдарға дейін Ботабеков Палуан мырза №11 М. Байзақов атындағы орта мектебіне директорлық қызметін атқарды.
2009 жылы мектеп атауы "№11 М.Байзақов атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

2009 жылы №11 М. Байзақов атындағы жалпы орта мектебіне директорлық қызметіне Дүйсенбеков Сағит мырза тағайындалды.

2012 жылы 25 -інші мамырда мектебіміз 300 орынды жаңа типтік үлгідегі ғимаратқа ғимаратқа ауысты.

Категория: мектеп тарихы