» » Біз туралы

 
 
 

Біз туралы

Автор: admin от 19-11-2018, 12:10, посмотрело: 686

0 Мұсабек Байзақұлы
(1849-1932 жж.)

Молда Мұса (шын аты Мұсабек) Байзақов қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданындағы Шоқтас деген жерде, 1849 жылы туылған. Әкесі Байзақ сөзге шешен, елге беделді, ауқатты адам болған. Бірақ талапты жас әкім болып ел билеуді немесе кәсіп іздеп мал жинауды қызық етпей, өнерпаздық жолын қалайды. Сөйтіп замандастары Мәделі қожа, Майлы қожа, Құлыншақ сияқты ақындардың үлгісін өзіне өнеге тұтып, ақындық жолын қуған. Болашақ ақын әуелі әкесі ұстаған молдадан хат таниды, кейін өсе келе Қарнақ қыстағындағы молда Қозы деген кісі ашқан дін мектебіне түсіп оқиды. Бірақ, ол схоластикалық дін оқуын қанағат тұтпай, кетіп қалады да, өз бетінше білім алуға кіріседі. Шағатай, араб, парсы, түркі тілдес туысқан елдердің әдебиетімен танысады, олардан үлгі алады.
Молда Мұсаның шығармалары ел аузына көп тарап, ақын атағы кеңінен жайылса да, соңғы жылдарға дейін оның творчествосына арналған мақалалар , зерттеулер болмай келді. Мұса молда жөнінде ең алғаш қалам тартып, мақала жазған Өтебай Тұрманжанов. Кейінірек М. О. Әуезов өзінің алтыншы класқа арналған хрестоматиясында Молда Мұсаға жеке тарау беріп, ақынның еңбегін өте дұрыс бағалады: «Молда Мұса өз уақытына қарағанда оқымысты адам деп саналған. Ол араб, парсы, шағатай әдебиеттерін, тарихтарын жақсы білген, Қазақ, қырғыз, басқа Орта Азия халқының ескілігіне де қанықты жетік болған. Өзі көптің арасынан шығып, сол көпке сүйеніп, тіршілік етіп жүрген соң Мұса өлеңнің тілін жұртқа ұғымды ғып айтады. Қартайған күйінде де біздің заманға жетіп, еңбекші бағытын бағып, мұрат етіп алады да, бұрынғысынан көп өзгереді. Нағыз совет бағытындағы өлеңдері айтарлық күш, серпін табады. Өзі бұқара ортасынан шығып, заман желімен ығып бай кілеміне түсіп кеткен ақын, енді бұқара мүддесін танып, оған ниетін қосады».
Мұса молда өлеңдерінің ішінен махаббат, табиғат лирикаларын, әлеуметтік мәні зор толғауларды, көптеген мысалдар мен айтыс жырларын да кездестіруге болады. Ақынның атақты Манат қызбен айтысы ел арасына мол тараған. Молда Мұса совет тұсында да едәуір өмір сүріп, халықтар достығы, Отан қорғау, социалистік өзгерістер жөнінде біраз шығармалар жазған. Ақын 1932 жылы 83 жасында қайтыс болған.

Категория: Біз туралы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.